Ресейде тағы дүрбелең басталды. Жұрт Ресейден қайда қашып кетсек деп, жанталасып, дұрыс елдерді қарастыруға көшті. Бұл дүрбелеңнің өсуі интернетті бұғаттау және өшіру басталғаннан кейін орын алған деп хабарлайды Democrat.kz.
Қазіргі кезде Ресейден қашқысы келетіндердің көрсеткіші рекордтық 88 пайызға жеткен. 2022 жылы мобилизация кезінде Google деректері 100 пайыздық қашуға қамданғандар көрсеткішінің дерегін тіркеген болатын.
Ресейде билік интернетті бұғаттауды күшейтуде. Интернетті өшіру және байланыстың үзілуі қалыпты жағдайға айналуда: VPN, навигация және қызметтер нашар жұмыс істейді.
Ресейде мобильді интернетті өшіру жаһандық сипатқа ие болуы мүмкін. Ақпан айында Мемлекеттік Дума ФСБ-ға кез келген уақытта кез келген өңірдегі байланыстың кез келген түрін өшіруге мүмкіндік беретін заң қабылдады.
Сонымен қатар, Роскомнадзор Telegram жұмысын "дәйекті түрде шектеу" керектігі туралы мәлімдеді.
Ресейде қауіпсіздік күштерінің өкілеттіктері кеңейтілуде: операторлар ФСБ талабы бойынша абоненттерді өшіруге мәжбүр болуы мүмкін.
Осының салдарынан дәл қазіргі кезде ресейліктер интернеті бар, өркениеті бар елдерге қашуды жоспарлауға қарқынды кіріскені байқалады.
Қазақстандық әлеуметтік желілерде бұл жағдайға қатысты жұрттың көбі "тағы да бізге қарай ресейліктер ағылып, елдегі пәтер, азық түлік бағасы күрт қымбаттауы мүмкін"дегенге саятын пікірлер жазуда.