Танымал журналист Дина Төлепберген еліміздегі кино саласына қатысты тұщымды ой айтып, пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Соңғы күндері елімізде болып жатқан кино саласындағы даулар мені қатты алаңдатып отыр.
Әсіресе, бақылауды күшейту, мемлекеттік комиссия құру, сценарийлерді алдын ала сүзгіден өткізу туралы әңгіменің күшеюі - шығармашылықты қорғау емес, оны шектеуге апаратын қауіпті бағыт.
Біз бұл жолдың немен аяқталатынын телевизиядан көріп отырмыз: өткір тақырып жоқ, тірі пікірталас жоқ, көрерменмен шынайы диалог үзілген.
Егер біз киноны да дәл осы логикамен «қорғамақ» болсақ, оны да тұншықтырамыз. Ал тұншыққан ортадан әлемдік деңгейдегі кино шықпайды. Біз тек өзімізді өзіміз шектеген шағын нарықта қалып қоямыз.
Мен Қазақстан киносының әлеуетіне сенемін. Бізде мықты тақырыптар көп, ауыр, айтылмаған тарих бар, жаңа буын режиссерлер өсіп келеді. Бірақ бұл потенциал еркіндіксіз ашылмайды.
Киноға сену керек. Оған қателесуге де, қоғаммен ашық сөйлесуге де мүмкіндік беру керек"деп жазды журналист.