Әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Рысбала Икрамбай өзіне құзырлы органнан шақырту келгенін айтып, кейбіреулерге ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
"Ішерің күйсе, тұз жалаңдар! Бұл шақырту маған түк емес. Өз ісіме жауап бере алам! Жүрген жерімде тек шындық, әділдікті талап етем. Рысбаланың қолдаушысы кім дегендерге айтарым, менің "крышам" анау жоғары жақта. Қолдаушым құдай. Менің ештеңем кетпейді, екі сағаттай отырып, түсініктеме берем де, қайтам. Өле қалыңдар, іштерің күйіп!" Деді Рысбала Икрамбай.