"Сәбит Мұқановты мектепте оқытпау керек" деген жазба қызу талқыға түсті

"Сәбит Мұқановты мектепте оқытпау керек" деген жазба қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Ақжол Арғынұлы атты желі қолданушының жазушы Сәбит Мұқановты мектепте мүлде оқытпау керек деген жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. 

"Сәбит Мұқановты мектепте мүлдем оқытпау керек. Ол сатқынның атын атаудың өзі дұрыс емес. Алаш зиялыларын тіпті Ыбырай, Абай, Шоқандарды елге қаралаған адамды әдебиетте оқыту қаншалықты дұрыс?!” деген пікірлер парасаттылықтан айырмаса екен деймін", деп жазды Ақжол Арғынұлы. 

Бұл жазбаға қатысты жұрттың пікірі әр түрлі болды. Төменді сондай пікірлердің бірнешеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

"Бір ақпаратты оқып алып, ауызға түскенді қаралауды қою керек қой. Бір-бірін жақтырмаған тұлғалар өте көп. Әдебиетте оқытса, сіңірген еңбек-жазбаларына, әдебиетке тигізген үлесіне орай оқытады. Сол үшін де әдебиет пәні деп аталады".

 "Сәбиттің заманы болса, оны жамандағандардың жайы белгілі болар еді. Бір ғасыр бұрын өмір сүргендерді ғайбаттауға еш қақымыз жоқ". 

"Осы Сәбит Мұқановтың сатқын екендігі туралы нақты ақпараттың бар жоғын білмеймін. Бірақ естіп қалдым, архивте оның өзгелерге жала жапқаны туралы ешқандай мағұлмат жоқ екен Ешкім жетісіп тұрған жоқ, оның адамдарға істеген ісіне емес, Алла берген дарыны мен шығармашылығына баса назар аудару керек".

"Совет дәуіріндегі тарихтың “ Тамыршысы”. Әдебиет әлемің “Әміршісі” Сәбит Мұқановқа бұлай жала жабу бәсекелестікке төтеп бере алмай, көреалмаушылықтан пайда болған жалған ақпарат. Жазушыны шынайы бағалау үшін оның шығармаларын, жеке хаттарын және сол дәуірдегі тарихи контекстті зерттеу маңызды. Сәбит Мұқановтай шындықты жазған жазушы болмаған, хәм болмайды да! ( Алла Рақымына алсын)"

"Орыстың ғаламат жазушы ақыны бар Бунин деген өмірде жарыместің өзі болған деседі. Немесе Буковский деген тағы бір кісі бар жүрген бір диуана десе де ғаламат жазушы. Сәбит Мұқановтың адамшылығында аса шаруам жоқ, болмадым жанында ал жазушы ретінде өте көркем шығармалары баршылық. Сенің көзқарасыңмен алар болсақ Ғабаң мен Әуезовті де біраз қаралауға болады"

"Чайковскиді тыңдамау керек, ол гей болған деседі. Бетховенді тыңдамау керек, оның мінезі ит мінезді болған. Моцарт азартник болған. Модест Петрович Мусоргский алкаш, күндіз түні ішкен. Паганини н*ркотикте отырған дейді. Бұлай тізе берсек көпқой. Біз білмейдің бәлкім Абайдың ба істері бар шығар? Кім білсін?"

Барлық жаңалықтар