Танымал журналист Ербол Мәндібек әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің қазіргі қиын жағдайы туралы айтып, ел болып көмектесуге шақырды. Өкінішке қарай, журналистің оқырмандары көмек сұраған өзін де, әзілкеш Қайрат Әділгерейді де аямай, сынап тастады деп жазады Democrat.kz.
Журналист Ербол Мәндібек: "Еліміздегі ең бай әртістердің бірі Қайрат Әділгерей кредитке кіріп кетіпті. 60 миллион несие төлеп жатқанын айтты. Кинодан 1 миллиард касса жинаған еді былтыр.
Алайда, ол ақшаның басым бөлігі шығындарға жұмсалады екен. Өзіне азғантай тиын-тебен ғана қалады. Қысқасы, жағдайым жоқ деп отыр.
Жуырда, Қайраттың "Хотя бы кинода-4" фильмі шығады. Осы киноға бәріміз жаппай барып кассаны толтыруға көмектесейік ағайын. Хотя бы бір қазақ кредиттен құтылсын. Отандық әртісті, отандық киноны қолдайық",деп жазба жариялады.
Алайда журналистің бұл жазбасы үлкен сынға түсті. Ә дегеннен, оқырмандары төмендегідей пікірлер жазып, журналистің де, Қайрат Әділгерейдің де дымын қалдырмады.
"Оттамасын деп айта салыңыз. Қызық екен... Біздегі "қайырымдылық" түсінігі мүлдем өзгеріп кеткен бе? Жұрт нан таба алмай отырған бейшара мен еміне ақша іздеген ауруға болысса, сіз өңкей қалталы сайқымазаққа қол ұшын созуды ұсыныпсыз. Бұл жағымпаздықтың жаңа түрі ме? Ертең Қайрат Нұртас сияқты эстрада жұлдыздарына "Халық әртісін" әперіп, олардың несиесін бюджеттен жауып берсек, нағыз "мазаққа" айналмаймыз ба? Кімге көмектесіп жатқанымызды ажырата алмайтын деңгейге жеттік пе?"
"1млрд кассаның бәрі шығынға кетпеген шығар... Онда шығыны көп, табысы жоқ (маржасыз), мәнсіз киноларды не үшін түсіре береді? Бәрімізде кредит бар, бірақ біреуге "жылап", көмек сұрап, алақан жаюды жөн көрмеппіз.., осы әртістерде ар-ұят деген жоқ-ау..."
"Ең сүйкімсіз актер. Ең жеңілтек актер. Осы ойнаған кинолардың бір іліп алары жоқ. Өзі қандай болса, киносы да сондай. Осы кино түсірмей-ақ қойсыншы"
"Төлесін өзі,біз үшін алыпты ма не?Қит етсе елден жылу жинап жаман үйренгенсіңдер.Жаным ашиды әрине,өзіміздің елдің баласы болғасын,бірақ ренжімесін...."
"Бұл кім, елді жамандап жүрген есерсоқ..."
"Көрпеге қарай созбайма аяғын. Біреудің проблемасын біреу шеше ма? Сахнада маймыл болмай, базарда тачка итерсін. Дені сау адамға қайырымдылық жасап, жұрт ерігіп жүр ме? Батқан боғын өзі тазаласын керек болса".
