Сәкен Майғазиевтің отбасына қатысты суыт хабар жарияланды, деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған естіртуге сәйкес, әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекқызы дүниеден озды.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген жазбада.
Хабарландыруда марқұмның жаназа намазы 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысының Созақ ауылында, өз шаңырағында өтетіні көрсетілген.
Пікір қалдырғандар әншіге көңіл айтып, анасының иманы саламат болуын тілеген.
«Алла алдынан жарылқасын!», «Сәкенжан, қайғыңа ортақпын, анаңыздың иманы саламат болсын», – деп жазған олар.