Эстрада әншісі бұрынғы отбасының алдынан өтпек болғанын ашық айтты, деп жазды Democrat.kz.
«Алдарынан өтейін деп, Астанаға іздеп келдім. Жарымды да, баламды да кінәлаудан адамын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір болды, ортамыз солай болды. Серілік құрған кезең болды, бәріне атүсті қарадық. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп келмедім. Бірақ, тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деген үміттемін», – дейді әнші ағынан жарыла.