"Сәрсен Құранбек білім саласынан шеттетілсін!" деген педагогтар шулы мәлімдеме жасады
20 қыркүйек 2026
212
Мақаланы бөлісу
Сәрсен Құранбек. Коллаж Democrat.kz. ЖИ көмегімен жасалды.
Шымкент қаласы әкімінің көшпелі қабылдауына қатысқан белсенді ұстаз Маржан Алыпқараева білім саласына қатысты көтерген мәселесін көтеріп, әкімнен орынбасарын жұмыстан шеттетуін талап еткенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы Маржан Алыпқараева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. "17.09.2026 жылы Шымкент қаласының әкімнің көшпелі қабылдауында болдым. Қазақстан Республикасында биыл Президентіміздің бастамашылығымен қабылданған жаңа Конституциямыздың 4-бабының 2)-бөлігінде: «Халық билікті мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады» - деп көрсетілген. Менің көтерген мәселем білімге қатысты болды.
Ғабит Сыздықбековтен өзінің орынбасарын (білім саласына жауапты) жұмыстан шеттетуін талап еттім. Бұл талабымның себебі, Сәрсен Құранбек мырза 2026 жылдың 9 қыркүйегінде тікелей эфир арқылы өткен брифингте Didarbek.rz ақпараттық агенттігінің журналисті Асхат Әсәндидің: «Мектептегі директорлардың жиі ауысуы бойынша. Әлеуметтік желілерден осы мәселені көтеріп жатқанын көзіміз шалған. Директорлардың көп ауысуы білімнің сапасына және мектептердің дамуына кері әсерін тигізбейді ма?»- деген сауалына «Әлеуметтік желіде сондай мәселелер көтеріліп тұрады. Ол жерде жалғыз келешек мектептеріне ғана қатысты емес, жеке меншік мектептердің білім стандартына, мақсатты мектеп жобасына бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу туралы айтылады. Мұның бірде біреуі шындыққа сай келмейді. Шымкент қаласында 12 келешек мектебі бар. Ол жерде 12 мектептің 9-ында тұрақты түрде басшы жұмыс істеп келе жатыр. 9 мектептің бірде біреуінде директор ауысқан емес. Ешқайда кеткен емес және оның негізгі бөлігі кадрлық резервтен алып тағайындалған директорлар. 141-мектеп, 143-мектеп, 144-мектеп солай жұмыс атқарып келе жатыр. Сондықтан, бұл жерде ешқандай негізге келмейді. Мынау айтылған сөздің бәрі шындық емес кейбір кісілердің тарапынан. Жылтырағанның бәрі алтын емес сияқты бұл жерде де айтылған сөздің барлығы ақиқат деп сенуге болмайды. Сіздер қолдарыңызда тұр бұның барлығы. Өздеріңіз тексерсеңіздер болады. Біз оны, басқа не дей аламыз енді.
Осыған байланысты болды ғой сұрағыңыз, ия.» - деп жауап береді (видеода толық нұсқасы бар.
Сәрсен Құранбектің «143 мектептің директоры ауысқан емес, ешқайда кеткен емес деп «видео құжатта» айтуы ҚР Қылмыстық кодексінің «Қызметтегі жалғандық» бабымен сараланып, жұмысынан шеттетілуі керек деп білемін.
Себебі, өзі жауапты болып отырған білім саласында 143-мектептің директорының заңсыз босауына білдей бір ұжым қарсы болып, өз Президентіне «Үндеу» жолдағанын көпшілік көріп, біліп отырып, Сәрсен Құранбектің хабары болмауына ешкім сенбейді. Қаланың «бас педагогы» үндеу айтқан ұжымның 4 мүшесінің үстінен полицияға арыз жазып (4 адамның біреуі мен) прокуратура мен полицияны бізге қарсы қойып, оқу жылының соңында әбігер еткенін Сәрсен Құранбек мырза ұмытқанымен біз ұмытқан жоқпыз.
Шымкент қаласындағы №3 оқушылар сарайы 5 күндік жұмыс аптасына көшіп отыр. Мектептер бес күндік оқу аптасына көшкенде сол кездегі ОАМ-і Асхат Аймағанбетов сенбі күнін оқушылар түрлі үйірмелерге бөле алатынын айтқан еді. Қазіргі күнде Шымкентте бір балаға бір үйірме ғана тегін беріледі. Ол тегін үйірмелер санына мектептің дене шынықтыру мұғалімдерінің беретін үйірмелерін есепке алу әкімнің орынбасары С.Құранбек келгелі басталды. Шымкенттегі балалардың құқығы шектелмеуі керек. Ал түрлі "үнемдеулерді" сылтау етіп бала құқығын шектегені дұрыс емес.
«Сана», «Темір», «Балабақша», т.б. жеке меншік платформалар өз тиімсіздігін көрсетіп отыр. Мәселен, «Балабақша» платформасына кіріп балалардың бала бақшаға барған табелін бекіту өте қиын. Ата-аналар табельді бекіту үшін басқа адамнан көмек сұрауға мәжбүр. Халыққа тиімді тетік қарастырылуы керек.
Жаңа оқу жылы басталғанына байланысты оқушылардың жүріп тұруы жиіледі. Ал, қаладағы кейбір жаяу жүргінші жолдары қара күйе болып, сызықтары көрінбей қалған. Сол жолақтар оған бюджетті қаржы болмауына байланысты деген сылтаулармен тазаланбай, көшкен белгілер жаңартылмай қалмау керек.
Мектептерге бір оқу жылында кем дегенде бір платформаны сатып алып, пайдалану құқығы берілетін. Тамыз конференциясында бірнеше платформалардың таныстырылымын көрдік. Мемлекет әр мектепті педагогтерінің кеңесімен шешкен платформасымен келісім шартқа тұру мүмкіндігімен қамтамасыз етуі керек. Ал оны бақылау ҚББ-нің негізгі міндетіне кіру керек.
Шымкент қаласының білім басқармасы 5,7 млрд-қа «Айқын» жобасы арқылы келісім шартқа тұрғанына қарамастан кабинеттегі компьютерге интернет желісі қосылмаған. Күн жақ беттегі оқу кабинеттерінің ыстығына оқушылар шыдай алмай қыркүйек, қазан айларында желпініп отырады. Өз кабинеттеріне желдеткіш қойдырған шенділер мектепке кондиционердің орнына заңсыз камера қойды. Сол камераларды алып тастап, сол қаражатқа кондиционер қойып беруі керек.
Әкім неге көшпелі жиын жасайды? Себебі, өзіне билікті сеніп тапсырған ХАЛЫҚТЫҢ үнін есту керек. Ести тұра түрлі қашыртпа сөздермен жауап беру салудан, нақты іс жасап көрсеткенін дұрыс.
Менің сауалдарыма жауап берген әкімнің орынбасары Жүз Қырық Үшінші Мектептің жай күйі тұрмақ, бірнеше ай бұрын 57-бұйрық негізінде үміткерлердің конкурсқа тапсырған құжаттарынан табылған "жалғандықты" да айтып өтті. Олай болса жағдайға қанық Сәрсен Құранбек мырза өзінің жалған ақпарат таратқанын мойындап "дереу" брифинг жасап өз басшысы болған ХАЛЫҚТАН кешірім сұрау керек, не болмаса мен талап еткендей жұмысынан шеттетіліп үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек.
Сәрсен Құранбек мырза, сіз тұрмақ соттар да заңды бұзуына құқығы жоқ. Президентіміз айтып жүрген "Заң және тәртіп" қағидасы жай ғана сөз емес, Конституциямен бекітілген.", - деді Маржан Алыпқараева.