Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ешкім білмейтін отбасылық құпиясымен бөлісті

Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ешкім білмейтін отбасылық құпиясымен бөлісті

Әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі Катя Уайт өзінің басынан өткен ауыр сынақтары туралы алғаш рет ашылып айтты деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, бірер жыл бұрын Сейфуллин Жолбарыс пен әйелі Катя ажырасыпты деген сөз ел ішінде тарап, бұл сөзді кезінде Катяның өзі де растаған еді.

Арада біраз уақыт өткенде, Сейфуллинмен қайта жарасып, табысқан катя Уайт отбасылық бақытты өмірін қайта жалғастырып бастағандарын мәлімдеді. 

Сол шақтарда қандай жағдай болғанын, өзінің қандай күй кешкені туралы Сейфуллин Жолбарыстың әйелі әлеуметтік желіде жариялап, бөлісті. 

Катя Уайттың айтуынша, сол бір кезеңдерде басқа түгілі өзі өзін түсіне алмай, қатты қиналған көрінеді. 

"Нумерологияға қызығып емес, басқа еш жерден нақты жауап ала алмағаным үшін келдім. Басымды айналдырған махаббатым көз алдымда паршаланып, үгітіліп бара жатты. Өзімнің ең қымбатым, отбасымды жоғалттым. 

Сөйлесулер бір бірімізді түсінуге көмектеспеді. Бір бірімізді естімейтін болдық. Сезім болғанымен, нақтылық жоқ еді. Екі баламды алып, кеттім.

Он бес жылдық некеде өмір сүрген адамым бір сәтте маған бөтен болды. Мен өзімді түсіне алмадым. Екеуіміз де басқа бақыт табамыз деп қателестік. 

Осылай тығырыққа тірелген күндердің бірінде сандардан, нумерологиядан сұрақтарыма жауап таптым", деген Катя Уайт қазір басқаларға көмектесіп жүргенін жеткізді 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

Барлық жаңалықтар