Серікзат Дүйсенғазы: "Ұлым өмірден ерте өтетінін білген..."

Серікзат Дүйсенғазы: "Ұлым өмірден ерте өтетінін білген..."

Қайғының ауыртпалығын сөзбен жеткізу мүмкін емес… Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы «Адырна» YouTube арнасына берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр кезең туралы айтты деп жазады Democrat.kz. 

Ақын ұлынан айырылған сәтте қатты есеңгіреп қалғанын жасырмады. «Қайғы сынақ. Құдай сынақты бекер бермейді, оның философиялық астары бар шығар. Кейін ұлымның өлеңдерін тауып, оның тағдырын сезгендей екенін көрдім. 15 жасында терең философиялық туындылар жазған. Бұл жай нәрсе емес қой»,-деді ол.

Серікзат Дүйсенғазы қайғыға қарсы тұруға көмектескен ағаларының болғанын айтты. Сондай-ақ, анасының дүниеден өтуі де ақын үшін тағы бір ауыр соққы болған: «Анам біздің әулеттің бар қайғысын өзімен бірге алып кеткендей болды».

Ақынның айтуынша, ең қиыны бұл қайғы ұлының анасы Айнұрға тигені. «Анаға өте ауыр екен. Әлі күнге дейін сол қайғыдан шыға алмай келеді»,-деді ол.

Сондай-ақ, ұлы Әлихан өмірден өткеннен 9 ай өткен соң, Әлімхан есімді перзенті дүниеге келгенін айтты. Ақын бұл сәбидің жоспарланбаған, халықтың батасымен келгенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар