Әлеуметтік желіде әнші Тамара Асардың жаңа Конституцияны қолдап жазған жазбасына жұрт жағымсыз пікір жазып, сынап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында: "Мәдениет халықты біріктіретін үлкен күш.Қоғам әрдайым дамып, жаңарып отырады.
Жаңа Конституция жобасы ел болашағына бағытталған маңызды қадам.15 наурызда өтетін дауыс беруге қатысуға шақырамын", деп жазып, өзінің суретін қоса жариялады.
Алайда әншінің бұл жазбасына Threads желісіндегі оның оқырмандары "өзің бара бер новый байыңмен, бізге керегі жоқ", "жоқ деп үйрену керек", "келесі президент келіп, өзгертеміз десе, ол кезде де осылай қолдаймын деп отырасыз ғой иә?", ""Сахна немесе халық ?!“ деп сұрақ қойған бәріне. Халық дейін десе атақ - даңқ бермей қояды. Сахнаға шығармай қояды. ӨнӨрін табан асты етеді. Соны ойлап жаңа заңды қолдап отырғандардың бәрі өздеріне тиімді нұсқаны таңдайды. Таңдайды және оны бізге тықпалайды. Бұлар шахматтағы “ сарбаз- пешка”!!! Дегенге саятын пікірлер жазып жатыр.


