Танымал блогер, діншіл Арман Байжігіт әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Қазақстандағы ең нәзік тақырыпты қозғап, имамдарға шүйлігіп, шулы мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде бірнеше кісі қатысқан тікелей эфирде Арман Байжігіт елдегі діни мәселеге қатысты пікірін білдіріп: "Аллаға сенбей, көзі тірісінде пайғамбарға тіл тигізгендер мен дінге сенбегендерді мұсылмандардың зиратына жерлемеу керек.
Біздегі кей имамдар ақшасын берсе, сондайлардың жаназасын шығара береді. Құдайға сенбейтіндерді мұсылманның зиратына жерлетпеу керек.
Менің ойымша, ондайларға жаназа шығармау керек, немесе мұсылмандар зиратына жерлемеу керек. Болмаса, құдайға сенбейтіндерді христиандардың зиратына жерлеу керек", - деді.
Осы эфирге қатысқан өзге азаматтар "бұл дұрыс емес, қазақтың жері, қазақты бөлуге болмайды, ол мәселені өлген кісінің үйіндегілер шешеді" деп қалды.
"Өтің жарылса, жарылып кетсін, ол мәселені мен шешемін! Өмір бақи Алла мен пайғамбарға сенбейсіңдер де, өлген соң мұсылманның қасына жатқыларың келеді екен де", - деген Арман Байжігіт "Кнб-ыңды шақырсаң, шақыр" деп құзырлы органнан да сескенбейтінін білдірді.