"Шежіреңе нүкте қояды": Әнші Сәкен жұма намазға баратын жастардың көбін айтып мақтанды

"Шежіреңе нүкте қояды": Әнші Сәкен жұма намазға баратын жастардың көбін айтып мақтанды

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің бір жиында сөйлеген сөзін кей кісілер қызу қолдап, төбесіне көтеріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

"Қазақ деген дана халық, дарынды халық қой. Қазір жастарымыз робототехника, айти саласында біздің жастар өте көп. 

Біздің еліміздің болашағына мен өте сенемін. Өйткені Түркиядан келген бір кісі  қатты таңғалыпты. (Біздегі жұма намазына баратын жастарды көріп таңғалған - ред.)Жұма намазға жастардың бұлай көп келуі елдің болашағының жарқын көрінісі деп. Аллаһу акбар! 

Қазақстанда бір еврей әйелден кәріс әйел сұрапты. "Ұятты болып қалдым. Мен еврей әйелден қай халық дарынды деп сұрадым. Орыстар ма, еврейлер ме, кәрістер ме деп сұрағам. Сонда әлгі еврей әйел үшеуі де емес, қазақтар ақылды деді. Кешріңізші, мен қазақтарды есепке алмап едім" депті кәріс әйел менің әйеліме. Бұл болған оқиға. 

Аллаға шүкір! Біздің балаларымыз өте ақылды" дейді Сәкен Майғазиев. Әнші Сәкеннің бұл сөздеріне қатысты "керемет!", "өте дұрыс айтты!", "ғажап!" Деп жатқандар көп. 

Десек те, арасында "шүкір деп жүргенде, қызыл кнопкасы бар елдер сол кнопкасын бір басып, шежіреңе нүкте қояды, химия, физиканы оқып, даму керек", "құрғақ сөзді қатырады Сәкен, қысқасы осылай күн көріп жүрген жан ғой" дейтін кері пікірлер де бар. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

 

Барлық жаңалықтар