"Шектірмек болды": Ирина Разах танымал коучтардың артын ашып, сұхбат берді

"Шектірмек болды": Ирина Разах танымал коучтардың артын ашып, сұхбат берді

Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында психолог Ирина Раззах бірнеше танымал коучтар туралы ел білмейтін шындықтарды жайып салды деп жазады Democrat.kz. 

Иринаның айтуынша, әлеуметтік желіде танылмай тұрғанда коуч Мақпал Қаратайдан  2,5 миллион теңгеге келісіп, жарнама сатып алған. Әйтсе де, сол жарнаманың нәтижесінде  Қаратайдан бар болғаны 700 оқырман келген.

 Жарнаманың қалған сомасын басында бермей-ақ қой деген Мақпал кейіннен тауарлай да, ақшалай да алып алған. Әйтсе де, «мен сені жұлдыз қыламын» деген уәдесін сол күйі орындамаған.

Бірде Мақпал Қаратай Иринаны Стамбулда қыдыруға шақырған.

«Таксимен кетіп бара жатырмыз. Стамбулдың бір шеті. Мақпал өзінде тылсым күш ашылғанын айтты. Ол кезде қолымен адамдарды емдеп жүрген. Өзім балгердің неше түрін көріп тастаған адаммын, әңгімесі маған қызық емес. Қазір барған кезде ішкенде ме, шеккенде ме болашақты көретін қасиеті ашылатынын айтып, маған пайдаланып қал деді. Пысық қыздар тағдырларын солай біліп алатынын айтты. Мен машинада отырғанда-ақ үйде балаларым күтіп отырғанын айтып, шекпеймін, ішпеймін дедім. Біреуіміз сау болайық дегем. Мақпал болса, «жоқ, сен көр» деп қоймады. Бірақ барғанда ол іздеген нәрсесі жоқ болып шықты», – деді Ирина.

Осы жағдайдан кейін ол Қаратаймен ара-қатынасын үзген. Ал Мақпал осыдан соң өшігіп, көп жерде буллинг жасаған. 

Мұнан бөлек, Ирина коуч Айнұр Тұрсынбаевамен де араласқанын. Ал блогер Нәзира Зәрумен соттасқанын айтты. 

Барлық жаңалықтар