ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу басталды

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу басталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады деп жазды Democrat.kz. Mangilik-el.kz.-ке сілтеме жасап.

13 ақпанда әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда сол кезде облыс әкімдігі бұл мәліметті растамады. Сонымен қатар әкімдік өкілдері Жақсылық Омардың денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққанын хабарлаған.

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сауалға жауап беріп, шенеунікке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Барлық жаңалықтар