ТикТок әлеуметтік желісінде беті-аузын тұмшалап алған, тек бір тіліктен көзі ғана көрінетін келіншек Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың суретін қойып, видео-үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Ниқабқа тұмшаланып, оранған келіншек өз үндеуін орыс тілінде жасады. Баласын алып, шетелге көшкен бұл келіншек Қазақстандағы білім саласындағы кей талаптарға наразылығын білдіріп: "Министрлікке сұрағым бар. Біз шетелге көшпекпіз.
Баламызды мектептен шығарып, сол кететін елдің мектебіне тіркегіміз келеді. Алайда мектеп баламның құжатын бермей отыр. Олардың талабы бойынша, бірінші баланы баратын елдің мектебіне тіркеуіміз керек екен.
Сосын сол мектептен "келді" деген қағазды алып, Қазақстандағы мектепке әкелуіміз керек екен. Осылайша екі елдің арасында сабылып жүруіміз керек екен. Неге?"- деді.
Видеоға қатысты пікір жазғандар министрліктің бала құжатын бермеуі өте дұрыс екенін, бұл бала құқығын қорғау мақсатында екенін айтуда. Ал ниқабпен ел алдына шыққан әйелді "жауапқа тартып, штраф салу керек" деп сөгіп, реніштерін білдіруде.