ШҰҒЫЛ! Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы күрт нашарлағаны белгілі болды

ШҰҒЫЛ! Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы күрт нашарлағаны белгілі болды

МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің жан сақтау бөліміне түсіп қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Енді қазір әншінің жағдайына байланысты өнердегі ағасы Сәкен Майғазиев арнайы жазба жазып, мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Ақ Кенжештің хәлін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. "Еренсау" дәрігерлеріне мың алғыс!

Кенжебек білікті маман, тәжірибелі дәрігер Алмат Егізеков мырзаның жіті қадағалауында. Екі күн бұрын қатты қысылып, приступ беріпті. Бүгін беті бері қарапты. Алайда, үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар.

Бүкіл ҚАЗАҚСТАНның жоғары дәрежелі кардиологтарымен консилиум жасап ортақ шешімге келу керектігін айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді дейді.

Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. АЛЛА шипа берсін. Ауырып жатқан жанның ұнжырғасын түсіре бермей, күлкіге көмкеріп, көңіл-күйін көтеріп кету сауапты амалдардан екен. Құлан-таза жазылып аттай шауып жүрсін. Сіздерге де мықты денсаулық тілейміз, ҚАЗАҚ ЕЛІ", - деп жазды..

Барлық жаңалықтар