Шымкенттік пышақталған қыздың анасы өз шындығын айтты

Шымкенттік пышақталған қыздың анасы өз шындығын айтты

Таяуда ғана қоғамды дүр сілкіндірген шымкенттік пышақталған, сталкинг құрбаны болған Нұрай Серікбайдың анасы өз шындығымен бөліскен жазбасы тарады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Нұрай Сәрсембайдың ізін аңдып, мазасын алған Шерхан есімді жігіт оны айтқанына көнбегені үшін пышақтап кеткен болатын. 

Қоғамды дүрліктірген бұл оқиғаға қатысты түрлі деректер тарап, жұрт кімге сенерін білмей қалды. 

Таяуда ғана шымкенттік полицей "Нұрай өзін алып қашқан Шерханның үйіне өз еркімен барды" дейтін видео жариялап, бұл қылмыстық оқиғадан өзін біраз алыстатуға тырысып баққан болатын. 

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен соң қызметінен босатылған полиция офицері Әбілғазы заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында оқиғаға дейін болған жайттар жөнінде айтып, қолда бар видеосын жариялаған еді. 

Осыған қатысты қызынан айырылып, қара жамылып отырған марқұм Нұрайдың анасының телефонда жазған смстері әлеуметтік желіге шығып кетті. 

Баласынан айырылып, қабырғасы сөгіліп отырған әйел өз хабарламасында Шерхан Нұрайды алып қашқанда қандай жағдайда болғанын, көнуге мәжбүр болғанын жасырмай жазған көрінеді.

Threads әлеуметтік желісінде тараған сол жазбаның фотосын назарларыңызға ұсынамыз.  

 

Барлық жаңалықтар