Шымкенттік пышақталған қыздың анасы сұхбат беріп, бар сұмдықты айтты

Шымкенттік пышақталған қыздың анасы сұхбат беріп, бар сұмдықты айтты

Шымкентте сталкинг құрбаны болған Нұрай Серікбайдың анасы сұхбат беріп, жұрт білмейтін сұмдықтарды айтты деп жазады Democrat.kz.

"Қыркүйек айында оқуға кеткен Нұрайдың артынан Шерхан барып, сыйлықтарын беріп, кездесіп тұруға ұсыныс жасаған. Сол кезде қызым маған жігіттің суретін жіберіп, оның сөз жасағанын айтқан еді.

Әкесіне жігіттің суретін көрсетіп, қызымызға сөз салғанын айтқанмын. Әкесі ұлдарымызға әлгі жігіттің суретін жіберіп, сұрастырыпты. Олар таныстарынан сұрап, біліп, әлгі жігіттің жақсы адам емесін білген. 

Нұрайдың әкесі содан "ол жігітпен кездеспесін" деп кесіп айтты. Нұрайым да жігітке "үйдегілер қарсы болып жатыр" деп кездеспейтінін жеткізген. 

Алайда жігіт Нұрайды тыңдамастан, оның ізін аңдып, қыр соңынан қалмай қойған. Бір күні ол қызымды алдап сыртқа шақырып, көлікке отыруға көндірген. 

Сол кезде ол Нұрайды алып қашқан. Хабаршылар келгенде, күйеуім оларды үйден қуып шықпақ болды. Сол кезде полиция шақырдық. 

Ал Нұрайдың артынан барып, полициямен кері алып қайттық. Аудандық РОВДға шағым түсіріп, алып қашқан жігітті жауапқа тартуды сұрадық. 

Сол кезде полицейлер Нұрайды оңаша бөлмеде "егер сен "өз еркіммен келдім, тек үйдегілер қарсы болып, кері алып кетті" деп айтпасаң, мына жігіт босқа 20 жылды арқалап кетеді. Обал болады" деп әбден үгіттеген", дейді Нұрайдың анасы. 

Марқұм Нұрайдың анасының бұл сұхбатына қатысты жұрт "қыздың өліміне бірінші полицейлер кінәлі!" Деп қатты реніш білдіріп, пікір жазуда. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

 

Барлық жаңалықтар