Шынар Ақпарова биографиясындағы күмәнді тұстарға қатысты мәлімдеме жасады

Шынар Ақпарова биографиясындағы күмәнді тұстарға қатысты мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова қызметке тағайындалған күні желіде оның биографиясы қызу талқыға түскен еді. Бірінші вице-министрдің биографиясында оның педагог болғаны туралы дерек көрсетіліп, кейіннен неге екені белгісіз, өшірілген болатын. Осы мәселеге қатысты Шынар Ақпарова өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Tizgin.kz. сайтының тілшісінің биография мен ондағы кей деректің өшірілуіне қатысты сұрағына Шынар Ақпарова: "Менің атқарып отырған лауазымым заңнама аясындағы біліктілік талаптарға сәйкес келеді. 

Еңбек жолымды шалғай ауылдағы шағын жинақты мектепте бастадым. Ол кезде, яғни 2007 жылға дейінгі Білім туралы заңның 39 бабында "егерқандай да бір кадр тапшылығы болған жағдайда, білім беру ұйымы педагог кеңесінің шешімімен мамандарды жұмысқа алу жағы қарастырылған"делінген.  Ол кезде мен мектепте жұмыс жасадым. Сонымен қатар мен сырттай оқу орнын аяқтадым", - деп қазіргі кезде де оқытудың әртүрлі формасы барын алға тартты.  

Десек те, бірінші вице-министрдің бұл жауабынан да есепке жүйріктер кезекті қатені тауып: "Ия букіл адамды тексерсе былықтар шығатын сияқты гой. Сонда дипломды 2006 жылы ғана алған болса еңбек жолы 2001 жылы қалай бастаған педагогикалық білімі жоқ бола тұра ондай адамды балалармен жұмыс істеу платформасы яғни кеңістікке қалай өткізуге болады? Ойланып қарап көріңіздерші. Сол кезде мысалы педагогиика саласынан хабары жоқ адамды кқандвй директор мектепке қалай босатылған? Мүмкін ол кісі повар болса ,техничка болса финансист ,әнші , сатушы болуы мүмкін .Бірақ педагогика саласы ол сатушы құсап үйрене салатын сала емес қой. Сол жері таңқалдырып тұр. "Оқу инемен құдық қазғандай ". Ұстаз болу үшін алдымен диплом сосын жұмысқа қабылдану керек қой. Онда дипломы жоқ поварды да , техничканы да , сатушыны да , финансисты да мұғалім жасай беруге болады екен ғой. Бұндай әрекет каншалықты дұрыс екен"дегендей пікір жазушылар бар.

Барлық жаңалықтар