Шынар Ақпарова туралы сұмдық деректер: Арнайы білімі жоқ кісі қалай бірінші вице-министр болды?

Шынар Ақпарова туралы сұмдық деректер: Арнайы білімі жоқ кісі қалай бірінші вице-министр болды?

Кеше кешкісін Оқу ағарту министрінің бірінші вице-министрі болып Шынар Ақпарованың тағайындалғаны  туралы хабар тарады. Кешелі бері көпшілік Шынар Ақпарованың бұл лауазымға келуіне қатысты қазу талқыны бастады деп жазады Democrat.kz.

Танымал журналист, блогер Дина Елгезек өзінің желідегі парақшасында су жаңа бірінші вице-министрге қатысты: "Вице-Премьер Аида Балаева тура өзі секілді адамдарды қайдан тауып алады? 

 Мына ханым да (Шынар Ақпарова - ред.)  арнайы білімі жоқ бола тұрып, 5 жыл бойы балаларға сабақ берген. 

Аятжан Ахметжанұлы:

ҚР оқу ағарту бірінші вице министрі лауазымына Ақпарова Шынар Қуанышқызы тағайындалды.

Шынар Қуанышқызы 1972 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Атасу станциясында өмірге келген.
Білімі:
* 1992 жыл - Целиноград финанс экономикалық техникумын мемлекеттік қауіпсіздендіру мамандығы бойынша;
* 2006 жыл - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша;
* 2009 жыл - Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университет қаржы мамандығы бойынша тамамдаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
* 2001-2009 жылдары №135 Атасу негізгі мектебінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі,
* 2009-2010 жылдары сол мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары; 
* 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейінде әдіскер;
* 2011-2012 жылдары Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК -де аға әдіскер.

* 2012-2013 жылдары Карағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінде жетекші маман, ал 2013-2018 жылдары бас маман қызметін, 2018-2020 жылдары бөлім басшысы қызметін атқарған.
* 2020-2023 жылдары Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары басшысы болған.

* 2025 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз сапаны ету комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Араға алты ай салып 2025 жылы 27 қарашада ҚР оқу ағарту вице министрі лауазымына тағайындалған.

Араға 8,5 ай салып бірінші вице министр лауазымына көтерілді", - деген жазба жариялады. 

Дина Елгезектің осы жазбасына қатысты жұрт "Осы апым министр болады. Сол үшін жанталас жүріп бастаған сияқты", "Барлық жерге орыстілдестер көтеріліп жатыр", "Карьералық креслоға жүгірісі күшті екен, кім жетектеп жүр екен? Дарынын, қарымын, арынын қай орында қазағы мен еліне көрсетіп анда-мында шауып жүргенін көлеңкеде көлбеп жатқан сол бір дөкейі білер. Әркімнің қолына бақ боп бақылдап түскен қайран госслужбаа...", "Суми, көкмиге зар ғой", "Білімсіз бастық, қасына өзіне сай адамдарды жинайды. Өзіңнен ақылды, орынбасарың болса сенің топастығың көрініп қалады. Отрицательная селекция", "Басқа сала болса жинай берсін. Ең болмаса білім саласына жинамасыншы. Болашақ балаларымыз сауатсыз болса обалы кімге?????", "Қотыр атқа,соқыр ат үйір деген ғой...Қайтеміз енді...", "Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жоғары білімі бар деп тұр ғой өмірбаянында,сол жеткілікті болған ғой" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

 
 
 
Барлық жаңалықтар