Сауда объектілерінде отандық тауар үшін сөре орындарының кемінде 30% бөлу талабы сақталады. Жекелеген тауар санаттары бойынша сөрелердегі отандық өнімнің үлесі 80 %-ға жетеді деп жазады Democrat.kz.
Отандық өнімдері бар сөрелер «Қазақстанда жасалған» арнайы белгілерімен белгіленген. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Тікелей өткізу арналарын дамыту мақсатында, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері 183 жәрмеңке өткізілді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға тікелей сатуға мүмкіндік беріп, тұрғындарды қолжетімді бағамен, сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етуде.
«Экспорт көлемін ұлғайту және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, “Бейкертон” компаниясы донат өндіретін зауыттың құрылысын аяқтауда. Кәсіпорын өндірілетін өнімнің 70 %-на дейін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Ал “Эко Глэйд” серіктестігі саңырауқұлақ фермасын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Жоба жүзеге асқаннан кейін өндірістік қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға дейін ұлғайып, Қазақстанның саңырауқұлаққа деген қажеттілігінің 50%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,
— деді облыс әкімі.