Белгілі заңгер, құқыққорғаушы Ләззат Рақышева мен танымал журналист Ораз Әлімбеков өткен аптада қоғамды шулатқан Атыраудағы педофилдің жаназасына қатысты пікір білдіріп, мүфтиятқа сауал жолдады деп жазады Democrat.kz.
Журналист Ораз Әлімбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "ҚМДБ, шариғат бойынша педофилге жаназа шығаруға бола ма? Бас мүфти ай қарап отыр ма?"деп сұрау салып:
"Атыраудан шу шықты. Бес және сегіз жастағы өгей қыздарын зорлағаны үшін ҚР Кылмыстық кодексінің екі бабымен 25 жылға сотталған Дабыл Жәрдемұлы Өтегенов наурыз айының соңында тергеу изоляторында өлген.
Оның жаназасы облыстың орталық мешітінде - «Имангали» мешітінде шығарылды. Сотталушының жаназасын шығарған осы мешіттің наиб имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы екен.
«Иманғали» мешітін Атырау облысының бас имамы Болатбек Уласханұлы Абу басқарады. Педофилиямен сотталған Д. Өтегеновтің жаназасы мен асына мыңға жуық адам қатыскан. Олар осы жағдайды білген соң қатты ашуланып жатыр. «Иманғали» мешітіндегі бүкіл іс-шара Болатбек Абудің рұқсатынсыз өтпейді. Бас имам Болатбек Абудің «мен мұны білмедім» деп ақталганына ешкім сенбей жатыр.
Айтпакшы, Д. Өтегеновтің аруағына арнап берілген асқа Атырау қаласы әкімі Шакір Кейкин қатысыпты. Кейбір мәліметте ол Д. Өтегеновке алыс туыс болып келетіні айтылады.
Саяси басшынын осы жағдайды білмеуі мүмкін емес қой. Сірә, педофилиямен сотталган Д. Өтегеновтің жаназасын имамдардың шығаруына, басқа жерде емес, дәл орталық мешітте жаназа шығарылуына әкімнің ықпалы болды ма, болмады, оны әзірге білмедік.
Қалай десек те, бұл оқиға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын тағы да ұятқа қалдырды", деп жазды.
Ал заңгер Ләззат Рақышева осы мәселеге қатысты: "Бәсе біздің қорғауымыздағы Атырауда өз балаларын 2,5 жасынан зорлаған педофилдің ісі 6 рет қысқартылды.. неге десем осындай ПЕДОФИЛДІ қолдайтын басшылар бар болған соң екен ғой!!
Ол педофилдің туыс әпкесі судья болып жұмыс атқарады дейді !! Енді ондай әпке тұрғанда ПЕДОФИЛ інісін соттатады ма?? Мына жаназаға барған 1000 еркектің намысы болмағаны ма?
Әлде ПЕДОФИЛДІ баяғы сол туыстары “ күнәсіз сотталды,балама жала жабылды, әйелі оңбаған әдейі сотатты немесе кішкентай қыздары өздері бұзылған..” деді ме??
Иә, мен бәрін түсінемін шариғат бойынша мұсылман болып өлген адамға (тіпті ауыр қылмыскер болса да) жаназа оқылуы мүмкін. Бірақ мына әкімнің қылығын түсінбедім?? Осындай басшылар бар кезде педофилдерді қолдайтын елімізде ешқашан ПЕДОФИЛИЯ тоқтамайды!!!"деді.