"Талай мұғалімнің магистр дәрежесін қалай алғанын білем" деген белсенді ұстаз министрдің мәлімдемесін қолдады

"Талай мұғалімнің магистр дәрежесін қалай алғанын білем" деген белсенді ұстаз министрдің мәлімдемесін қолдады

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың агистр дәрежесіндегі ұстаздарға қатысты айтқан пікіріне қатысты белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрышов өз ойын білдірді деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, министр мұғалімдердің санатын белгілеуде диплом дәрежесіне қатысты берудің дұрыс еместігін айтқан еді. 

Осыған қатысты белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрышов: "Сауатты мәлімдеме. Қолдаймын.

Магистратураны бітіріп келгендер жүр ғой..
Магистратураны қалай оқып жүргендерін де білеміз. Өз елімізде түсе алмағандар Ресей ЖОО-ның филлиалы арқылы қол жеткізіп жатқандарын да білеміз.

Әрине, олардың сапасына Sayasat Nurbek мырза, басқарып отырған министрлік жауапты. Санат жылдар бойғы төккен тер мен ақ адал еңбектің нәтижесімен келуі керек қой"деді. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар