Тамара Асар ерекше жағдайы туралы жазба жариялады

Тамара Асар ерекше жағдайы туралы жазба жариялады

Танымал әнші Тамара Асар шетелде жаңадан өз аяғымен жүріп бастап жатқанын айтып, ерекше жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

“Каждый раз,как первый раз…”

Шетелдемін.
Алла сәтін салса.
Үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жатырмын…

Отырған орыннан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну-Жетістік.
Бір жаққа қарай ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау-Жеңіс.

Өз комфортына жайғасып алған жылы дененің ауырсынуына,қажалғанына қарамай күрделі кезеңге бағыттап,босата білу- көну арқылы келген -Ерлік.
Бір қадамды мың рет тынбай қайталау-Еңбек.

Қажалудың қанымен,ауырсынудан жотадан сорғалаған терге бой бермеу-Жеңіс.

Ал әрбір басқан қадам ойдағыдай өзі әдемі,өзі нық болса бұл бұйырса- Жеміс! 
Тәнің мен жаныңды бір Аллаға тапсырып,бағыну арқылы бағындыру —РАХАТ!!!

Бәрі ӨМІРДЕГІДЕЙ,
ал өмір кәдімгі СПОРТТАҒЫДАЙ…"деп жазды Тамара Асар.

Барлық жаңалықтар