Тамара Асар: "...жүрекке түскен тас ешқашан ерімес"

Тамара Асар: "...жүрекке түскен тас ешқашан ерімес"

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарына ой салды деп жазады Democrat.kz. 

Естеріңізде болса, әнші Тамара Асар жолдасы екеуі қажылыққа Меккеге аттанған болатын. 

Бұл қажылыққа қалай барғанын, кім себепші болғанын жазған әнші парақшасында жазба бөлісті. 

"Алла адамды адаммен бекерге кездестірмейді. Кездескен адамның бәрі ұстаз, бәрі бірдеңеге себепші. Сіңліммен шай ішіп отырғанда, "апасы, қорықпаңыз, ол жақта аяқ қолы сау адамның өзі арбамен жүреді" деп Мекке туралы айтып еді" деген әнші Меккеге бару туралы ниетін сіңлісі Ақсәулеге айтқанын, уайымдағанын айтады. 

"Тас түскен жеріне ауыр. Бауыр еті баладан айырылып, жүрекке түскен тас ешқашан ерімес. Бірақ жүректі жылыта беру жақындарының парызы шығар. Мен қолымнан келгенше жүрегіңнің жылытушысы болайын, папасы..."деп жазған Тамара Асар қажылыққа күйеуімен жүрек тыныштығын іздеп барғанын айтты. 

 

Барлық жаңалықтар