Әнші Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелі Эльвира Жүсіпбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тағы да қолында бар масқара дәлелдері туралы айтып, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Эльвира Жүсіпбек таяуда ғана бұрынғы күйеуінің әкелік міндетін орындамай, балаларына тиесілі алиментті төлемей жүргенін мәлімдегені туралы жазған едік.
Эльвира Жүсіпбек әлеуметтік желідегі парақшасында тағы да видео жариялап: "Маған жазбаларыңды өшір деп жаза берудің керегі жоқ. Маған шындықты айтуға болмай ма?
Қажет болса, адвокатпен болған сөйлесудің көшірмесін де жариялай аламын. Мұнан басқа қостанайлық сотқа "істі жап" деген қоңырау түскені туралы да білемін.
Сол судьяның "сенің балаарың не, мүгедек пе, арбада отыр ма? Жауапкер саған ештеңе міндетті емес!"деген сөздері де менде тұр", деп өзін ерегістермеуді ескертті.