Әлеуметтік желіде заңгер Жанна Ерғалиқызы өткен аптадан бері қоғамда қызу талқыға түскен Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелінің мәлімдемесіне қатысты заңды тұрғыда пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Еске сала кетейік, өткен аптада елге танымал әнші Тамара Асардың күйеуі Жұмаш Бекмырзаның бұрынғы әйелі Эльвира Жүсіпбекова экс күйеуінің әкелік міндетін орындамай жүргенін, балаларына алиментті дұрыс төлемей жүргенін айтып, мәлімдеме жасаған еді.
Осы жағдайға байланысты заңгер Жанна Ерғалиқызы заңды тұрғыдан талдау жасап, кәсіпкер Жұмаш Бекмырзаның ажырасқан соң балаларына алты жыл бойы алимент төлеп келгенін, мұнан басқа кетерінде котедж бен сән салонын беріп кеткенін айтты.
"Ажырасу рәсімделді. Келісімге қол қойылды. Алимент уақытылы 6 жыл төленеді. Бірақ 6 жылдан кейін кәсіпкердің бұрынғы әйелі жаңадан сотқа шағым түсірген.
Кәсіпкердің бұрынғы әйелі "қазір балаларымның әкесі бұрынғыдан да көп табыс табуда, алимент шарты қайта қаралсын" деген талап қойыпты. Мұндай мәселе хайппен, әлеуметтік желіде шулатумен емес, сот арқылы шешіледі.
Алимент келісіммен бекітілген болса, оның мөлшерін өзгертуге бола ма?", деген Жанна Ерғалиқызы білікті заңгерлерге сұрау салды.
Жанна Ерғалиқызының бұл видеосының астына пікір жазған Эльвира Жүсіпбекова:
"Кескіндер жақсы құрастырылыпты. Бірақ коттедж 150 миллион долларға сатып алынды және менің қолымда құжаттары бар. Және ол оның келісімімен сатылды.
Салон-салон емес, ескі үйдегі қарапайым пәтер 76 шаршы метрлік, Астанада 19 млн.теңгелік. Ал 85 млн.теңге балалар қазір тұрып жатқан пәтер үшін берілген.
Ақтауға денсаулық жағдайға байланысты көшуге тура келді. Ол менің жалақымның орнына алиментті рәсімдеді. Бұл келісімдердің түпнұсқалары емес, бөлек басылған мәтіндермен емес, құжаттармен расталған.
Ал әкесі балалардың өміріне араласпайды. Өзіне зиян келтірместен, ең болмаса, оларға лайықты білім алуына жағдай жасауға шамасы жетеді ғой. Өзімнен сұрасаңыз, құжаттарды көрсетіп, айтып берер едім ғой", деді.
Әйтсе де, желі қолданушылар "осынша мүлік, ақша берген кісіге енді не деп талап қойып отыр", "біз алты баламен далада қалсақ та, ешкімге алақан жаймадық"деген сыңайда пікір жазып, Жұмаш Бекмырзаның бұрынғы әйелін сөзбен талап жатыр.