Танымал жазушы Күләш Байсейітоваға жасалған ауыр қиянат туралы айтты

Танымал жазушы Күләш Байсейітоваға жасалған ауыр қиянат туралы айтты

Атақты жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы журналист Бағашар Тұрсынбайұлына берген сұхбатында ел білмейтін тарихи сұмдықтарды айтты деп жазады Democrat.kz.

Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы әнші Күләш Байсейітоваға қатысты сұмдық жайттарды айтып, әншінің үстінен жеті бірдей кісінің арыз жазғанын жеткізді.

"Жетеуінің бірі де "мен Күләшқа обал жасадым" демеген күйі кетті. Мен "Күләштің соңғы күні" деген әңгіме жаздым. Сол жетеудің бірі менің де үстімнен арыз жазды. 

Олардың кім екенін "Қайран Күләш" деген әңгімемде "егер олар Күләштің үстінен арыз жазбағанда, Ришат Абдуллин, Мүслім Абдуллиндер Қазақстанның халық әртісі болмай қалар ма еді?!

Кәукен Кенжетаев, Байғали Досымжанов, Хадиша Бөкеевалар осы атақтарына жетпей қалар ма еді? Бәріне де атақ жетер еді ғой?!

Бірақ жұрт оқымайды, анализ жасамайды ғой..."деді Бексұлтан Нұржекеұлы. 

Барлық жаңалықтар