Танымал нумеролог Президент Тоқаев туралы дәл болжам жасады

Танымал нумеролог Президент Тоқаев туралы дәл болжам жасады

Нумеролог Клара Күзденбаева бұған дейін көптеген болжам жасап, сол болжамы дәл келген адамның бірі. Жаңа жылдың алғашқы күнінде нумеролог бірнеше бағыттар бойынша болжамын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Динара Сәтжанға берген арнайы сұхбатында нумеролог Клара Күзденбаева 2026 жыл жаңа бастамалардың жылы екенін айтады. 

Еске салып өтейік, Клара Күзденбаева бірнеше жыл бұрын продюсер Баян Мақсатқызы мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтердің болашақта ортақ балалары болатынын, Динара Сәтжанның тұрмыс құрып, бақытты отбасы болатынын болжаған еді. 

Бұл жолғы болжамында нумеролог: "Бұл жыл жаңа бастамалар жылы. Бұл жылдың сандарын қоссаңыз, "бір" деген сан шығады. Бұл жылы қандай да бір жаңа істі бастасаңыз, сәттілікке жетелейді. 

Мысалы, былтырғы жылдың сандары "тоғыз" дегенді көрсетті. "Тоғыз" саны соңғы, әлдебір жұмысты бітіру, ескілерден тазаруды білдіреді. Көп адам былтыр өмріне қажетсіз заттардан, проблемалардан тазарды. Егер ойлансаңыз, өміріңіздегі кей адамдар да кетті. Мұның барлығы арылу, тазалану.

Әр адамның бағдарлама саны және туған күн, ай, жылының саны болады. Оны біздің тілде "код" деп атайды. Мысалы Мемлекет басшысы Тоқаевтың "код" саны "танымалдықты, бейбітсүйгіштікті" білдіретін " 3142911" саны бағдарламасында берілген. 

Тоқаевтың "17 05 53" деген сандардың қосындысынан оның "бейбітсүйгіш, танымалдық" деген код шығады. Ал мысалы, Назарбаевтың коды "билікқұмарлық" еді. Тоқаевтың президент болуына да осы "код" сандары қатты әсер етті"деп жаңа жыл күллі қазақстандықтар үшін жаңа бастамалардың жылы екенін тағы қайталап, маусым айына дейін біраз қиындықтар болып, артынан бәрі жақсы болатынын, бұл жылы жаңа нәрселерді бастаудан қорықпауға шақырды. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

 

 

Барлық жаңалықтар