Тараздық шалдың титтей қызбен видеосы жұртқа жаға ұстатты

Тараздық шалдың титтей қызбен видеосы жұртқа жаға ұстатты

ТикТок әлеуметтік желісінде "Сатупалду Уалиев" деген атпен тіркелген желі қолданушының парақшасында көрер көзге сұмдық видеолар жарияланып, жұрт шулап жатыр деп жазады Democrat.kz.

Индира есімді жас қыз Сәкен есімді сақалды, үлкен жастағы кісімен бірге түскен видеоларын парақасында жариялап, "бұл кісі мені асырап алған атам" дейді. 

Енді бір видеосында "атам" деген Сәкен: "Атаңдыкі қандай?" деп сұрайды Индирадан. 

Алкогольді ішімдіктен бе, әлде денсаулығына байланысты ма, тілі күрмеліп әрең сөйлеп тұрған Индира қолымен "атаныкі мынадай" деп көрсетеді. 

Біз аталмыш парақшаны ақтарып қарап, Индираның бірде "менің сүйіктім" деп жа жігітпен видеосын жарияласа, енді бірде атасымен қарда ойнап жүрген видеосын салған. Мұнан бөлек парақшада басқа да әйелдердің видеоларын Сәкен деген "атаның" түсіргенін байқауға болады. 

Тағы бір видеосында атасының кекіріп, тәспі тартып, зікір салып отырғанын көруге болады. 

Видеоларды көргендер Индира мен атасының тараздық екенін айтуда. Сонымен қатар оқырмандар бұл екеудің видеолары мен тікелей эфирларын қарап, бір сұмдықтың барын айтуда. 

"Ешкімім жоқ" деген Индира бір видеосында медициналық спиртті сумен араластырып отыр...

Бұл "ата" кім? Үйіне әр түрлі әйелдер келіп, оларды видеоға неге түсіреді? Ал бәрінен де, өрімдей жас қыз Индира мен арасында қандай байланыс бар? Туыстық байланыс болса, жас қыздан неге "атаңдыкі қандай" деп сұрайды? Сұрақ көп, ал жауапты құзырлы орган өкілдері береді деп үміттенеміз. 

Дайындаған Мәриям КЕНЕСАРЫ. 

 

 

Барлық жаңалықтар