"Тасын жегір тәңіршілермен дос болудан құдай сақтасын" деген діндар аузына келгенін айтты

"Тасын жегір тәңіршілермен дос болудан құдай сақтасын" деген діндар аузына келгенін айтты

ТикТок әлеуметтік желісінде үстінде шапаны, басында тақиясын киген діндар кісі мешіттің ішінен арнайы видео жариялап, тәңіршілдік сеніміндегі адамдарға тіл тигізді деп жазады Democrat.kz.

Діндар өз сөзінде: "Қазақта "түйе күндіз жайылады, түнде күйіс қайырады" дейді. Бұл мақалды тәіәршілдерге  мысал қылып айтып жатырмын. Тәңіршілдер де күндіз мұсылмандар жасаған құдайы тамағына барады, мұсылмандардың тойына барады. Сол жерде ұялмай ауқат жейді, тас жегірлер. 

Сөйтеді де түнімен сол тамақтың күшімен исламды жамандайды. Сондықтан достар, ондай адасқан тобырлармен әңгіме қылудың керегі жоқ. Тәңіршілмен дос болудан құдай сақтасын!", - деді. 

Діндардың бұл сөзі өзін қазақпын деген көп кісінің намысына тиіп кеткені сондай, "бұл қазақты екіге бөлу, арандату, кемсіту" деп реніштерін білдіріп, құзырлы органдардың мына діндардың сөздерін тексеруді сұрауда. 

Барлық жаңалықтар