"Тек брендтен киім алам": Әнші Төрештің әйелі мен шешесі тренд жасаймыз деп, ұятқа қалды

"Тек брендтен киім алам": Әнші Төрештің әйелі мен шешесі тренд жасаймыз деп, ұятқа қалды

Енді сахна төріне шығуына тыйым салынған әнші Төреғали Төреәлінің әйелі мен анасы әлеуметтік желіге жиі шыға бастады. Кезекті бір видеоларында ене мен келін өздерінше тренд түсіреміз деп, жұрттан оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Төрештің анасы мен әйелі "боғатый привычкаларымыз" деген тренд түсіріпті. Бір қызығы бұл видеоны көрген жұрт "Төрештің анасын дүниеқор, дүниені ғана ойлайды екен, ал келіні рухани дүниелерді ойлайды екен" деген пікір түйді. 

Себебі, "богатый привычкам" деп Төрештің анасы Аякөз ханым "тойға қымбат киім тіктіріп, бір киген көйлекті екінші рет кимеймін, жұмыс істемесем де, апта сайын миллиондап ақша аламын, үйде тірлік, тамақ істемеймін, шетелден балаларыма тек брендтен  киім әкелем, Құран хатымның 30 бетіне келдім" деп мақтанды. 

Ал Төрештің әйелі үнемі білім іздеп, кітап оқып жүретінін, денсаулыққа қатты мән беретінін, спортпен үнемі шұғылданатынын айтты. 

"Екеуі екі бөлек әлем", "Төрештің анасы осы дүниенің байлығын, келіні о дүниенің байлығын айтуда", "мақтанудың керегі не", "өтірік күліп отыр екеуі де", "жасанды" дегенге саятын пікір жазған жұрт сынап тастаса, "машалла", "ғажап", "керемет" деп жазғандар таңдай қағып, тамсануда. 

Барлық жаңалықтар