Сахнада өнер көрсету барысында сөз алған әнші-композитор желідегі жұрттың әрекетін айтып, тыңдарманды тағы бір қырымен таң қалдырды, деп жазады Democrat.kz.
«Сахнада тұрған жерімді салып қойса, астына біреу «Қазіргі заманның Шәмшісі» деп пікір жазыпты. Сосын оның астына халық не депті деп қарасам, тағы біреу «Шәмшіден садаға кеткір, Шәмші бүйтіп ырбыңдамаған емес» депті.
«Қазіргі Заманның Шәмшісімін» дегенді тіпті өзім айтқан сияқтымын. Өздері айтты, өздері қойды, өздері қаралауда. Қазір бас көретуге қорқатын болдық, жұлып кетет, әсіресе еркектер. «Ред флаг» деген шыққан, соған іліндің бе – бойкот саған. Қандай композитор болсаң да «Тьфу, мә!», – деді өнер иесі.