"Тиктокер мұғалімнің әдепсіздігі", "елес оқушылар": Мектептегі мына масқараға тоқтау бола ма?

"Тиктокер мұғалімнің әдепсіздігі", "елес оқушылар": Мектептегі мына масқараға тоқтау бола ма?

Редакциямызға хабарласқан Түркістан облысы, Түлкібас ауданының мұғалімі "Жанкент" мектебінде болып жатқан заңға қайшы әрекеттер мен келеңсіздіктерге қатысты шағымын білдірді деп жазады Democrat.kz. 

"Біз Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, "Жанкент" жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Сабралиева, физика пәнінің мұғалімі Г.Бекжанова, математика пәнінің мұғалімі Б. Усипбаев мектеп басшысы Н. Куанышбекованың тарапынан қысымға ұшырап отырмыз. 

Атап айтсақ, 12.01.2026 жылы мектеп басшысы мен 10 А сынып жетекшісі  А.Дүйсенова екеуі ата-ана мен оқушыларды үгіттеп, алдын ала ұйымдасқан түрде осы аталған үш ұстаздың сабағына  ешқандай ескертусіз ата-ананы қатыстырады, бірақ бұл жайында бізге ескертпейді.

Ата-ана сабағыңа 1ай қатысады,сосын көреміз деп ашық түрде қорқытып, қысым жасап отыр. Оқушыларды үгіттеп, арызға қол қойдырып, бізге түрлі жала жауып, оқушылар алдында, әріптестеріміздің алдында ар-намысымызға, қадір-қасиетімізге, іскерлік беделімізге қысым жасап отыр.

Осы айтылғандарыма сынып жетекші А. Дүйсенованың оқушыларға жіберген аудио хабарламасы дәлел бола алады. 

Мұндай қысым осы мектепте заңсыз фондқа ақша жинау, кабинет жабдықтау, ремонт жасау, сағат бөлу т.б мәселелерге ашық ойымды айтып, қарсылық танытуыма байланысты орын алып отыр деп санаймын.

Мектеп басшысымен мұндай жағдайлар алдын да орын алған, яғни бірінші рет емес. Тоқсан соңында оқушыға қандай баға қоятынымызды сынып жетекші мен мектеп басшысы өздері шешеді. Сұраған бағасын қоймағаным үшін осы жағдай орын алып отыр. Мектебімізде "елес" оқушылар бар, тиісті бағасын қоймасаң, жер-жебіріңе жетеді. 

А.Дүйсенова этика туралы әдемі сөздер айтқанымен, өзінің тик-ток парақшасында ұстаз деген атына сай келмейтін бейәдеп, боқауыз сөздермен бейнежазба түсіріп, оны желіде жариялап отыр, оны басшы білсе де оған шара көруге дәрменсіз. [Жазбасы қоса тіркеледі] 

Мен ақпан айында декреттік демалысқа кетемін, алайда осы жағдайдан кейін денсаулығым сыр беріп, күйзеліске,стреске түстім.

Құқығымды таптап,  абырой-беделіме нұқсан келтірген, қызметтік лауазымын өзінің бас пайдасына асыра пайдаланған мектеп басшысының орнынан кетуін талап етеміз.

Ата-ана мен оқушыны үгіттеп, арыз жаздырып, қол қойдырған А.Дүйсенованы сынып жетекші лауазымынан алып тастауларыңызды және тиісті шара қолдануды сұраймын"дейді Нұргүл Сабыралиева. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ханымның, Түркістан Облысының Білім Басқармасы, Білім Саласындағы Департамент Галымжан Алматов пен Түлкібас Ауданының Білім Бөлімі басшысы Д.Қыдыралиевтің және Түлкібас Ауданының Әкімдігі назарына ұсынылған бұл шағым қараусыз қалмайды деп сенеміз. 

Аталмыш шағымға төмендегі "тиктокер" мұғалімнің видеолары тіркелген. 

 

Барлық жаңалықтар