Тіл мәселесі": Кенжебек Жанәбілов: "Артық әңгімені қояйық"

Тіл мәселесі": Кенжебек Жанәбілов: "Артық әңгімені қояйық"

МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов қоғамда талқыланып жатқан тіл мәселесіне қатысты өз пікірін айтып, "артық әңгімені қояйық" деді деп жазады Democrat.kz.

Кенжебек Жанәбілов өзінің әлеуметтік желі парақшасында тіл мәселесіне қатысты арнайы видео түсіріп, жариялады. 

"Таңертең тұрсам, бірнеше хат келіпті. Соның ішінде тіл мәселесі айтылыпты. Саясатты не істейміз?

Ең бастысы, өзімізден бастайық, біріншіден. Мен қаншама ақын, жазушыларды көрдім, қаншама менмін деген "қазақ" деп жүрегі соғып тұрған азаматтардың балаларының қазақша сөйлей алмайтынын көргенде, іштей ойланғам.

"Әй мынау, әңгімені бірінші өзіміздің отбасынан бастауымыз керек екен ғой" деп. Қазір соны қолға алып, өз отбасымнан бастап жатырмын. Саясатта отырған адамдар да ақымақ емес қой. 

Сондықтан артық әңгімені қояйық, өзімізден бастайық", деді әнші. 

Кенжебек Жанәбіловтің бұл пікіріне қатысты оқырмандарының біразы қолдап жатса, енді біразы "әңгімең моя хата с краю ғой", "сонда тіл мәселесін қозғамайық дегенің бе?", "қарны тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ", "денеңді бос ұстап отыра берші, бауырым, көмегің болсын" дегенге саятын пікір жазуда. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар