"Тізеңді батырдың...": Тұңғышбай Жаманқұловтың марқұм Асанәлі Әшімовті жоқтаған жазбасы жұртты жылатты

"Тізеңді батырдың...": Тұңғышбай Жаманқұловтың марқұм Асанәлі Әшімовті жоқтаған жазбасы жұртты жылатты

Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловтың  өнердегі әріптесі марқұм Асанәлі Әшімовті жоқтап жазған жазбасы жұртты жылатты деп жазады Democrat.kz.

"Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің...

Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым...

Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың...

Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім...

Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол..."деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Барлық жаңалықтар