Әлеуметтік желіде тараған бір тойдың видеосы жұртқа жаға ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Видеода ортаға жұптық биге шыққан жас жұбайлар билеп жүргенде, қалыңдықтың көйлегінің бір иығы сыпырылып түседі.
Ақырын иығын жалаңаштай бастаған киімді түзетудің орнына күйеу жігіт жалаңаш денені сипалап, биін жалғастыра береді. Ал қалыңдық болса, білегіне түскен көйлегінің бөлігінен қолын шығарып, шеше салады.
Мына көрініс жұртқа жаға ұстатты. "Не масқара мынау?", "ұят емес пе?", "жалаңша жата салуы ғана қалды ғой мыналардың" деген пікір жазуда жұрт.