Актриса Дариға Бадықова өзінің парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Мені жақсы көретін адал оқырмандарым, көрермендерімнен сүйінші сұрайын деп шықтым
Аллаға шүкір деуден шаршамаймын.
Менің екі фильмім қатарынан Қазақстан кино тарихында 1- орында Таптым-ау сені 1.
2-орынды Ыстық ұя алды.
Бірі күлдірді, бірі жылатты… Бастысы, екеуі де жүректен шыққан. Жүректерге жетті…
Бұл рекордтар – жай ғана цифрлар емес.
Бұл – ең бірінші Құдайдың мені қолдауының, сосын әр кадрға төгілген еңбектің, көз жасы жұмысқа деген махаббаттың, көрермен алдындағы шынайылықтың жемісі.
Сценаристерге алғыс
Режиссерге алғыс
Актерларға басымды иіп алғыс айтамын
Командаға алғыс
Осы киноға ат салысқан Кинопарк ұжымына алғыс
Мені шын сүйіп, шын қолдап, фильмге сеніммен келген әр көрерменіме алғыс айтам. Мен сценарийді өмірден алам. Менің шабытымның негізі - өздеріңіз
Құдай қаласа, аман болсақ, алда әлі талай әдемі дүние миымда, жүрегімде… Толғатып жүрмін
Бірақ дәл қазір айтарым – тек алғыс!"деп жазды актриса.