Тоқаев Ақ Үйде Трамппен кездесті

Тоқаев Ақ Үйде Трамппен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Democrat.kz.


Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Ақ Үйге келгені жайлы бейне мен суреттерді жариялады.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 6 қарашаға қараған түні Вашингтонға ресми сапармен келген болатын.
Сапар барысында АҚШ астанасында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары маңызды меморандумға қол қойды. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Президент Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сапары аясында Американың беделді басылымдары The Washington Post және The New York Times газеттеріне сұхбат берді.


Президент сұхбат барысында қазақ-америка қарым-қатынастарына, АҚШ-қа сапарының кейбір аспектілеріне, Президент Дональд Трамптың саяси бағытына, геосаясатқа және Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты сұрақтарға жауап берді.


Ақ Үйдегі негізгі кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланатыны хабарланды.

Барлық жаңалықтар