Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 тамызда бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары, ал Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің жалпы бөлім меңгерушісі қызметінен босатылды, деп жазады Democrat.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімдерге қол қойған.
Абай Алтай бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы орынбасары қызметін атқарған.
Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің жалпы бөлімін басқарған.
Ақорда жариялаған ресми хабарламада олардың қызметтен босатылу себептері көрсетілмеген.
Сол күні Президент Қазақстанның Солтүстік Македониядағы төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақовты да қызметінен босату туралы жарлық шығарды.