Әнші Төреғали Төреәлі арнайы видео жариялап, күллі халықтан және әйел Толқыннан кешірім сұрады. Өз видеосында әнші уәдесінде тұра алмағанына өкініш білдірді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында әнші Төреш: "Мені кешіріңіздерші! Мені кешіріңіздерші, халқым! Толқын сенен де кешірім сұраймын! Уәде бердім, орындай алмадым.
Толқынға уәде бердім, "таңертең ерте тұрып, жүгіруді бастаймын" дедім. Өкінішке қарай, жүгірмедім. Ертеңнен бастап жүгірем деп отырмын құдай қаласа" деп күлкісін тоқтата алмай, әбден қиналды.
Төреш таяуда ғана осылай "жүгірем, денсаулыққа қараймын" деп жұртқа уәде берген. Сөйтсек, ол уәдені әйелі Толқынға да берген екен. Енді уәдесінде тұрып, әнші бүгіннен бастап жүгіруді қолға алады деп сенеміз.