Танымал журналист Айдос Жұқанұлы белгілі саясаткер Амалбек Тшанов туралы масқара деректермен бөлісіп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Айдос Жұқанұлы: "Мына хабарды естіп, таңғалып отырмын.
Амалбек Тшановтың (депутат болып еді ғой) туысы есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікпен ұсталғаныны туралы жаңалық оқыдым.
Тайландтан әкелген сұйық заттың каннабис майы екені анықталған.
Негізі бұл кісілердің қылмысқа жақындығы бар екен. Байқасам, бақа екен демекші, Тшановтың өзі кезінде зорлау бойынша 4 жылға сотталған көрінеді. Кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын жасыру үшін фамилиясын ауыстырған. Тіпті, туған күнін де өзгертіп жіберген екен.
Кезінде Зауытбек Тұрысбековпен таныстығын пайдаланып, біраз тірлік жасаған-мыс.
Алматыда спорт колледжінде директор болып тұрғанда да біраз дауға қалғаны белгілі.
Кезінде Дикий Армандармен қырылысқан деген әңгіме бар. Қысқасы, оңтүстіктегі қылмыс әлеміне қатысы бар болып тұр.Обшым сау сиырдың б@ғы емес", деп жазды.