"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желіде бір видеосымен қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода Кенжебектен әріректе отырған жастар "Неге, неге?" Әнін орындап, дайындалып отырғаны байқалады. Соларды тыңдап отырып, "түндегейсің" деп дауыстаған Кенжебек жастарға әннің сөздерін түзетіп айтуға кеңес береді.
Бұл әнді осылай айтады. "Түндегейсің", сосын бәрі "ақ көңілді" дейді, дұрыс емес, "ақ көңілдім" деп айту керек"деген Кенжебек әнді жастармен бірге қосылып орындады.
Алайда оқырманға Кенжебектің "түндегейсің" деген сөзі түсініксіз болып, сын тезіне алды.
"Түнде гейсің дей ме", "Кенжебек атасынан қалған костюмді киіп алған ба", "Кенжеш, кәстөмің тар емес пе", "костюмді К700 айдайтын ағадан алған ба" деген пікірлер жазған жұрт бәрібір Кенжебектің жақсы әнші екенін айтуда. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)