Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың досы Бақыт Тушаев арнайы жазба жариялап, Дархан туралы бар шындықты жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Дархан жайлы. Ақтау мен даттау негіздері.
Қазіргі қоғамда әр күн сайын бір мәселе туындауда. Күн сайынғы алып қашпа әңгіме ғой десек те осыны жазуға тура келді.
Мен Дарханды сонау студент кезден жақсы білем. Менен бір жыл кейін марқұм Болат Атабаевтың курсына түсті. Первашым)) Жатақхана да тұрды. Жалпы Дархан ақ адал дос ақ көңіл азамат ретінде жақсы білем. Өте талантты жігіт. Тек театрға беретінін әлі бере алмай жүр. Асабалық өнері де өте мықты.
Студент кезінен табыскер жігіт. Және көше тобелесінде досын тастап кетпейтін қандай жігітіңе болса да қасқайып қарсы тұратын жігіттің төресі. Бойы да ұзын иықты бір сөзбен айтқанда красвчик жігіттің сұлтаны дер едім.
Жалпы бізде қоғам да әкенің орны, әкелер мәртебесі, отағасының беделі, еркек бақыты деген ұғым өшті. Тек бір жақты әйелдерге қатысты дүние әрқашан дұрыс. Қәзір бала бақшада баланы тәрбиелейтін әйел, мектепте баланы оқытатын да әйел. Қаншама жалғыз басты аналар тәрбиесімен өсіп жатқан бала үшін әке деген ұғым жоғалдды(Оған еркектердің де кінәсі көп.Тіпті кешегі футболист Шерхан мен Темірланды аналары тәрбиелеген соң чемпион болған деген қағида қоғамға дендеп еніп барады).
Жәәә. Енді Дарханға келейік. Дарханның Нұрсейітке берген сұхбаты. Ол тек қана бір отбасының тағдыры емес бүкіл қоғам айнасы. Ақтап жатқандар мен даттап жатқандар пікірі екіге қақ жарылған.
Дариғаны да жақсы білем екеуі де бір курсста оқыды өте талантты қыз. Махаббаттары студент кезден басталған.
М. Әуезов атындағы Ұлттық театрдағы әріптестерім Дарханды жайлы жақсы айтады. Қоғам Дариғаның сөзінен негіз алып Дарханды табыс таппаған дейді. Ол қалай табыс таппайды аптасына жоқ дегенде бір екі күн тойда жүрсе.
Және ол қалай үйде отырады театрда таңнан кешке дейін қайнаған тірлік, одан қалса гастроль, фестиваль дегендер жан жаққа шапқылатады. Дарханның ақшасыз жүрген кезін көрген емеспін. Кейбір дастарханды өзі де төлеп тастайтын мәрттігі бар.
Дарханды сұхбатқа итермелеген не нәрсе енді соған келейік. Ол ішіндегі дүниесін ақтарғысы келді ашынды, әркімнің өз шындығы бар. Ол да өз шындығы жолында құрбан болып отыр.
Мүмкін бұл сұхбатқа шықпаса өз өзіне қол жұмсауы да мүмкін ғой. Жапы екеуі 16-жыл өмір бірге тұрыпты. Бірақ арларында бала болмаса да бірге отбасын сақтай білген Дархан жайлы қалай жаман айтуға болады. Осыдан 6-7 жыл шамасындағы бір отырыста Дора (Дархан. Өнердегілер Дора деп кеткенбіз) бәріміз отбасы бала тақырыбын қозғап отырдық.
Сонда Дархан әй жігіттер біле білсеңдер күндіз Дариға менің қызым, мен Дариғаның ұлымын. Түнде жатарда ғана ерлі зайыпты екеніміз еске түседі деп күлдіріп әрі ойландырған.
Міне Дарханнның осы сөзі отбасына беріктігін адал екендігін нағыз отағасы болғанын көрсетеді. Қәзір бес жыл бала көтермесе күйеуі, ата енесі, қайын жүрты бәрі жабылып келген келінді кетіріп тыныдырады.
Ал 16 жыл балалары болмаса да отбасын шашыратпай Дариғаны кінәламай ешкімге сөйлеткізбей отбасын сақтап тұру үшін қандай төзімділік қандай сабырлылық керек десеңші.
Бұның бәрі Дарханның қолынан келді. Дарханның отбасы құндылығын жоғары қоюы кез келген еркектің қолынан келе бермейтін қасиет.
Қазір әйелдер қауымына жан жақтан қаптаған тренинг, коуч, мотивотор дегендер жабылып тұрып жұмыс жасап жатыр. Ата енеңді тыңдама күйеуіңнің наскиін жума, күйеуің мотивация бермесе ажырас деген сынды ақылман данышпан қатындардың да гөй гөйлері өз жемісін беруде.
Еркек табыс тапса отбасы үшін, әйел табыс тапса өзі үшін еркек не үшін керек деп құтырып шыға келетіні. Мыңдаған мысалдар көп.
Дархан өте жақсы жігіт. Бір отбасын асырап алып жүре алатын азамат. Мәселені бір жақты қарамайық. Ал жігіттерге Дарханның өмірі үлкен сабақ.
Пы.сы Дариғаның творчестводо өмірде жолы болсын. Ал Дора айтарыңды айттың, енді еңсеңді көтеріп басыңды тік ұстап, театрыңа қайта барып өнеріңді жалғастыр.
Сенің екінші тынысың енді ашылады. Өміріңнің жаңа парақтарын жаз. Өткенің сабақ, болашағың үміт. Тек жақсылықтан үмітті үзбе. Бұлт артынан күн шығарын ұмытпа."деп жазды
Бақыт Тушаев.