Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, әнші, продюсер Мөлдір Мұқанованың бір видеосын көрген жұрт таңғалып, ақ алқыстары мен разылықтарын білдіріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Мөлдір Мұқанова ән айтып, домбыра тартып, бұған дейін елді таңғалдырып еді. Бұл жолы Мөлдірдің гитарада, фортепьянода еркін ойнаған видеосы тарады.
Әнші Жазира Байырбекова ән айтып, ал әуенін гитарада, фортепьянода сүйемелдеген Мөлдірдің таланты еріксіз таңғалдырды.
Өнердің айдынында еркін жүзген Мөлдір Мұқанованың бұл қасиетіне сүйсінген жұрт "мәссаған, Мөлдірде өнер деген жатыр екен ғой!", "не деген талант", "бағың ашылсын", "өнерін осы күнге дейін тұншықтырыпты ғой" деп пікір жазып, игі тілектерін жаудыруда.