Түрмеден шыққан әйел діндар құрбысының иттігін әшкерелерді

Түрмеден шыққан әйел діндар құрбысының иттігін әшкерелерді

Есірткі сатты деген айыппен 12 жылға жазықсыз сотталған Шолпан Тоқтархан түрмеде отырғанда жанына батқан жағдайды айтты, деп жазады Democrat.kz.

Ол дүние-мүлкі тәркіленген соң асырап алған үш баласын уайымдапты. Баларының аш-тоқтығына алаңдаған ол амалын тауып, темір тордың ар жағынан таныстарына телефон шалумен болса керек. 

«Ғалия, сен жұма сайын мешітке шелпек апарушы едің ғой, соны бүгін менің балаларыма апарып берші. Өтінемін, олар үйдің тамағын сағынатын шығар дейтінмін.

«Жарайды» дейді де, келесі жолы телефонын өшіріп тастайды. Сонда мен не зиян келтірдім дегенде: «Менің балам органда істегісі кеп жүр, сенімен сөйлессем, зияны тиіп кетеді. Оларда сотталғандарға жоламау керек деген түсінік бар екен», – деді.

Барлық жаңалықтар