Бірер апта бұрын "Тұрсынбек тоқалынан кетіп, Мөлдірге қайта барыпты" деген әңгіме әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Инстаграм желісінен жоғалып кеткен Тұрсынбектің тоқалы Айманды сөз еткен жұрт бұл сөздерге сенген де сияқты. Алайда Facebook желісінде талқыға түскен бұл тақырыпқа тұздық боларлық салмақты пікірлер айтылды деп жазады Democrat.kz.
Facebook парақшасында танымал журналист Мөлдір Бақыт: "Тоқал алып кетті, тастап кетті деп киносы шығар алдында сұхбат берген Тұрсынбектің әйеліне Тұрсынбек қайтып келіпті деп шулап жатыр пабликтер.
Әзілкеш Мөлдір Мұқанованың бұрынғы суреттерін парақшасына қайта шығарып қойған, ал желіде @tads нигімен тіркелген “екінші әйелі” Айманның парақшасы жоғалып кеткен дейді.
14 жыл бұрын басқа әйелмен жүріс жүріп кеткен күйеуінің әрекеті жайлы киносы шығар алдында “көл көсір жылап” сұхбат берді. Енді күйеуімен қайта “қосылған”. Фильмі шықпаса, дүрдараздық жария болмай, араларында қалар ме еді.
Әрі қарай, жырқылдап түк болмағандай өмір сүре берер. Подписчиктер де түк болмағандай жүре бере ме?)
Күні бұрын продюсер “көкесі” зорлаған жігіт те өтірік айтты деп әшкерелеп жатыр жұрт.
Халықты осылай алдап, пиар жасау қаншалықты дұрыс?
Халық алданып қалғаны үшін ренжімей ме?
Әлде біздің халық сондай ақкөңіл ме? Акөңіл екен деп қашанғы “аузын ұра” беруге болады. Менің халыққа жаным ашиды кейде"деп жазба жариялаған еді.
Осы жазбаның астында жазылған кей пікірлерді оқып, расымен де солай емес пе деген ойға қалдық. Төмендегі пікірлерде шындық жоқ дей аласыз ба?
"Тұрсынбектің оқиғасында өтірік бары сезіліп еді. Басқа басқа, егер шын солай болса, анау әлгі жұлқынып тұрған “сен тұр, мен атайын” қыздары әжептәуір қозғалар еді мінез көрсетіп. Бәрі бір қойлымның ішінде жүргені аңғарылып тұрды ғой негізі. Әрі қарай айта берсең - өсек енді"
"Сол Айманның бары өтірік те шығар , жәй кино үшін пиар"
"Сол әңгіме шыққанда айттым. Олар ажырасқан жоқ. Бәрі сол пиар үшін. Елдің назарын аудару үшін жасалған".
Шынында да барлығы Мөлдірді жарыққа шығару үшін жасалған пиар болса ше? Инстаграмда "Тұрсынбегім" деп жүрген Айманның күйеуі де Тұрсынбек Қабатов болмауы мүмкін ғой?
Егер расымен Тұрсынбек Қабатов күйеуі болса, Мөлдірден кеткен болса, неге осы күнге дейін сол Айман Тұрсынбек екеуінің отбасылық фото, видеосын бөліспейді? Неге үнемі жарты бет бірдеңе мен тек өзінің арзан жарнамасының айналасынан шықпайды?
Неге Тұрсекең тоқалын жарқыратып көпшіліктің алдына ертіп шықпайды? Сіз қалай ойлайсыз? Бәрі бос пиар болуы мүмкін бе?