ТикТок әлеуметтік желісінде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың анасының видеосы жарияланып, жұрт ол кісіге сұрақтары мен тілектерін жаудырды деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде Баршагүл Қабатова деген атпен аккаунт ашқан желі қолданушы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың анасының видеосын жариялады.
Тұрсынбек Қабатовтың өзін ғана емес, анасын да теледидардан көріп, танитын жұрттың бірінші сұрағы "Мөлдірдегі балалармен араласасыз ба?", "немерелеріңізбен хабарласып тұрасыз ба?" болды.
Өз аналарын көргендей қуанған жұртшылық Тұрсынбек Қабатовтың анасының видеосының астына "көп жасаңыз", "керемет адам", "Тұрсынбектей баланы халыққа берген кісі", "аман болыңыз" деп игі тілектерін жаудырып жатыр.