Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында біртүрлі жарнама жасады деп жазады Democrat.kz.
Тұрсынбектің тоқалы Айман шаңсорғышқа жарнама жасап жүргені мәлім.
Міне, сол шаңсорғышын сөз еткен ол: "Әлі пылесосты сұрап жатыр қыздар. Күніге қолданамын, осылай ашып, жуып аламын.
Өзін өзі тазаламайды. Осылай ашып жуған соң, сасымайды. Менде әлі сасыған емес. Пылесос алсаңыз, аэрогриль немесе үтікті қосып береді" деп жазды Айман.
Осы жарнамасынан артынан ол: "Парақшамды жауып тастасам деп отырмын" деп тағы бір жазба жариялады.
"Бес баланың көз жасы сені ұрады", "қарғыс балаларыңа тиеді", "айрандай ұйыған отбасыны бұздың" дегенге саятын пікірлер әбден мезі етсе керек, Айман парақшасын "жабық парақша" етіп, кім көрінген пікір жаза бермейтін еткісі келмейтінін мәлімдеді.

